Аккредиттеу жөніндегі органның құқықтары мен міндеттері
Аккредиттеу жөніндегі орган:
1. Құқылы:
аккредиттеу, сәйкестікті растау, өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы сарапшы-аудиторларды, техникалық сарапшыларды және аккредиттеу жөніндегі жұмысқа қатысуға басқа мамандарды тартуға;
- аккредиттеу жөніндегі халықаралық (өңірлік) мемлекеттік емес және үкіметтік емес ұйымдардың жұмысына қатысуға;
- салыстырмалы сынақтар және өлшем құралдарын салыстырып тексеру және калибрлеу нәтижелерін салыстыруды ұйымдастыруға;
- инспекциялық тексерулер жүргізуге.
2. міндетті:
- аккредиттеу аттестатының, аккредиттеу аттестаттарына қосымшалардың, аккредиттеу белгісінің нысандарын белгілеуге;
- аккредиттеу жөніндегі жұмыстарды жүргізуге;
- аккредиттеу жөніндегі жұмыстар жүргізу кезінде белгілі болған коммерциялық немесе өзге заңмен қорғалатын құпияны қамтитын мәліметтерді жариялауға жол бермеуге;
- аккредиттеу субъектілерінің тізілімін жүргізуге;
- веб-сайт жүргізуге, оған аккредиттеу субъектілерінің тізілімін ресми жариялауға және сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді орналастыруға;
- аккредиттеу субъектілерінің шағымдарын қарауға және олар бойынша шешімдер қабылдауға;
- аккредиттеу аттестатын кері қайтарып алу немесе аккредиттеуден кейінгі шарт тоқтатылған жағдайда жұмыс үш күн ішінде жазбаша бұл туралы уәкілетті органға хабарлауға;
- аккредиттеу аттестатарын қайта ресімдеу, аккредиттеу материалдарын өзектендіру туралы өтінімдерді қарауға;
- аккредиттеу аттестатын кері қайтарып алуға, қайтаруға, осы Заңмен қарастырылған негізде және тәртіпте аккредиттеу аттестатын жою туралы өтінішпен сотқа жүгінуге;
Құзіреттілікті растаймыз Сапаны қамтамасыз етеміз Сенімге енеміз