Талғат Амангелдіұлы Момышев Көкшетау облысы Щучинск қаласында дүниеге келген.
1990 жылы Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтын инженер-құрылысшы мамандығы бойынша, 2001 жылы Алматы Экономика және статистика институтын бітірген.
Еңбек жолын 1990 жылы бастаған.
· 1997-1998 жылдары - Жамбыл стандарттау, метрология және сертификаттау орталығында бөлім бастығы, директордың орынбасары;
· 1998 жылы – «Интерсистема» ЖШС президенті;
· 1998-1999 жылдары - Жамбыл облысы әкімі аппаратының аға референті;
· 1999-2000 жылдары - Жамбыл облыстық Инвестициялар және ЖЭС комитетінің төрағасы;
· 2000 жылдың қаңтарынан шілдеге дейін – «Метрология» РМК Алматы филиалының директоры;
· 2000 жылдың шілдесінен қарашаға дейін – «Казсертико» МҒПО» РМК директорының бірінші орынбасары (2000 жылғы 9 тамыздан бастап «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ААҚ болып қайта құрылды);
· 2000 жылдың қарашасынан 2005 жылдың қаңтарына дейін – «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ Астана қаласы бойынша өндірістік басқармасының бастығы;
· 2005 жылдың қаңтарынан 2010 жылдың желтоқсанына дейін - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының орынбасары (2010 жылдың наурызынан бастап - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі);
· 2010-2014 жылдары - Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі Мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы;
· 2014-2016 жылдары - Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі Экологиялық реттеу, мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы;
· 2016-2018 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы;
· 2018-2019 жылдары - Жамбыл облысы әкімінің орынбасары;
· 2019 жылдың сәуірінен 2021 жылдың қазанына дейін - Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Жауапты хатшысы, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Аппарат басшысы;
· 2021 жылдың қазанынан 2023 жылдың қаңтарына дейін - Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі;
· 2023 жылдың сәуірінен қазіргі уақытқа дейін – «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК Бас директоры.