Ағымдағы жылдың қаңтар айынан қазан айына дейінгі аралығында республика бойынша 22 аккредиттеу аттестаты және 164 заңсыз берілген сертификат қайтарып алынды.
Ұлттық аккредиттеу орталығы заңсыз берілген сертификаттарды анықтау бойынша тұрақты жұмыс жүргізеді, «сұр» сертификаттарды айналымнан шығару және аккредиттелген бизнес субъектілері тарапынан жосықсыз көріністердің жолын кесу мақсатында аккредиттеу субъектілері тарапынан бұзушылықтарды қадағалайды.
ҰАО Бас директорының орынбасары Ержан Қарасаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте: «Мониторингілеу қызметінің мақсаты - біздің нарықты және түпкі тұтынушыларды сапасыз және қауіпті өнімдер мен көрсетілетін қызметтерден қорғау», - деді.
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында 1693 аккредиттеу субъектісі, оның ішінде 1005 сынақ зертханасы және 76 сәйкестікті растау немесе сертификаттау жөніндегі орган жұмыс істейді.
ҚР ҚМ МКК экспорттық-импорттық операциялар бойынша Бірыңғай терезенің деректері бойынша 2023 жылғы 31 қазанға ҚР сәйкестікті растау жөніндегі органдар сәйкестікті растау бойынша 91 мыңнан астам құжат берді.
2023 жылдың 10 айында ҰАО 22 аккредиттеу аттестатын қайтарып алды. Анықтама үшін, 2022 жылдың осы кезеңінде 23 аккредиттеу аттестаты қайтарып алынды.
2023 жылдың 10 айында ҰАО бұзушылықпен берілген өнімдер мен көрсетілетін қызметтерге 164 сертификат анықтады, 36 сертификаттың күші жойылды, қалғандары бойынша материалдар қолданыстағы заңнама шеңберінде бұзушыларға шаралар қабылдау үшін уәкілетті органдарға берілді.
Нарықты заңсыз берілген сертификаттардан мониторингілеу және тазарту бойынша жұмыс жалғасуда, аккредиттеу субъектілері тарапынан заңсыз берілген сертификаттар, бұзушылықтар туралы ақпаратты тұтынушылар ҰАО-ға мониторингілеу және талдау департаментінің телефондарына + 7 71 72 98 37 39, ҰАО комплаенс-офицеріне+ 7 7172 98 37 11, ҰАО сенім телефонына + 7 708 225 21 62 хабарлай алады.