Қол қойылған өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандум аясында «QazIndustry» «Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ және Ұлттық аккредиттеу орталығы өкілдерінің кездесуі өтті.
QazIndustry Басқарма төрағасының орынбасары Талғат Мұқанов пен ҰАО Бас директорының м. а. Нұрлан Шоқбарбаев қол қойған құжат аккредиттеу және сәйкестікті бағалау, индустрия мен экспортты дамыту саласында ақпарат және тәжірибе алмасу бойынша ынтымақтастықты білдіреді.
Кездесу барысында ҰАО өкілдері-департамент басшылары мен сарапшылар серіктестерді қызықтыратын мәселелер бойынша: сәйкестікті растау құжаттарының дұрыстығын анықтау, сертификаттардың қолданылу мерзімдерін тексеру, аккредиттеу мәртебесін тексеру, халықаралық деңгейде танылған сертификаттарды анықтау және т.б. мәселелер бойынша түсініктемелер берді.