ҰАО-ға "Атамекен" ҰКП Техникалық реттеу департаментінің басқарушы директор-басшысы Жазира Шуйкебаева және қазақстандық сәйкестікті бағалау ұйымдары қауымдастығының басшысы Дәулет Сүтемгенов келді. ҰАО қызметкерлері әріптестерінің аккредиттеу жөніндегі жұмыстарды тарифтік реттеуге, ҰАО-ның сапа саласындағы халықаралық ұйымдардың қызметіне қатысуына қатысты сұрақтарына жауап берді, бизнес-процестерді реинжиниринг жөніндегі жоба туралы айтып берді.
Бизнес-қауымдастықтардың өкілдері бизнес үшін аккредиттеудің артықшылықтары туралы сұрақтар қойып, талқыланатын тақырып бойынша өз пікірлерін білдірді.
ҰАО бас директоры Талғат Момышев, оның орынбасарлары, Департамент басшылары әрбір сұраққа егжей – тегжейлі жауап берді, оның ішінде экономикасы дамыған мемлекеттердің мысалдарында кәсіпкерлік субъектілеріне аккредиттеу беретін мүмкіндіктерді, ал ҰАО-ның ILAC және IAF сертификаттау жөніндегі зертханалар мен органдарды аккредиттеу жөніндегі халықаралық бірлестіктерге және тұтастай Қазақстан Республикасына мүшелігін түсіндірді.
Аккредиттеу процесінің коммерциялық құрамдас бөлігі, бизнес-құрылымдардың ықтимал мүдделілігіне байланысты ҰАО енгізетін аккредиттеудің жаңа бағыттары туралы, бағалау процесінде бизнес үшін бірқатар өнімсіз және қайталама іс-қимылдарды қысқарту туралы қажетті түсініктемелер берілді.
ҰАО өкілдері "Атамекен" ҰКП-мен, заңды тұлғалар ұйымдарымен өзара іс-қимыл және сындарлы ынтымақтастық аккредиттеу жөніндегі органға да, кәсіпкерлік субъектілеріне де, демек, тұтастай алғанда ел экономикасына да пайда әкелетініне сендірді.