Азия-Тынық мұхиты ынтымақтастығы елдерінің жаңа номинацияланған бағалаушыларына арналған тренинг –АРАС– 11-12 наурызда Сингапурда өтті. Оған аккредиттеу жөніндегі органдары IAF аккредиттеу жөніндегі халықаралық форумның және ILAC зертханаларын аккредиттеу жөніндегі халықаралық ынтымақтастықтың мүшелері болып табылатын елдердің өкілдері қатысты. ҚР СИМ ТРМК-дан Ұлттық аккредиттеу орталығын сертификаттау органдарын аккредиттеу департаментінің бағалаушысы Бағлан Құттыбаев қатысты.
Тренингке қатысушылар IAF/ILAC талаптарына сәйкес келетін APAC регламенттері бойынша бағалау жүргізу рәсімдеріне оқытудан өтті. Тренинг аяқталғаннан кейін қорытынды емтихан өтті, оның нәтижелері бойынша қатысушы мәртебесі Nominated Evaluator-дан (АРАС жаңа номинацияланған сарапшы бағалаушысы) Provisional Evaluator-ға дейін көтеріледі, бұл болашақта олар үшін АРАС бағалау топтарының құрамында жұмыс жүргізуге мүмкіндік береді.
Бағлан Құттыбаев оқу курсын сәтті аяқтап, ол туралы: "Сингапурда сәйкестікті анықтау бойынша органдарды тиімді бағалау үшін қажетті дағдыларды алдым. Бағалау процестерімен, әдістері мен тәсілдерімен, АРАС сәйкестігін бағалау саясатымен және процедураларымен танысу өте пайдалы. Нәтижесінде, мен қазір Provisional Evaluator қалай табысты болу керектігін білемін".
АРАС тренингіне қатысудың негізгі шарттарының бірі ISO/IEC 17011:2017 "Сәйкестікті бағалау. Сәйкестікті бағалау органдарын аккредиттейтін органдарға қойылатын талаптар", осы стандарт бойынша курсты және APAC бағалаушыларына арналған онлайн курсты аяқтау, сондай-ақ ISO/IEC 17011 стандартын практикалық қолдану бойынша онлайн емтиханды тапсыру.
АРАС, IAF және ILAC шеңберіндегі аккредиттеу экономика саласындағы маңызды міндеттерді шешу үшін мүмкіндіктер ашатын ҰАО үшін үлкен құрмет пен жауапкершілік болып табылады.