Ол Хамитов Искандер Вячеславович боды. Бүгін Ұлттық аккредиттеу орталығының басшылық құрамына ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Қуаныш Елікбаев таныстырды.
ТРМК төрағасы И.В.Хамитовтың барлық еңбек қызметі сапа жүйесімен байланысты екенін атап өтті.
Оның екі жоғары білімі бар - «Ауыл шаруашылығы өнімдерін стандарттау және сертификаттау» және «Қаржы» мамандықтары бойынша.
Еңбек жолын өнеркәсіптік кәсіпорында зертханашы ретінде бастады, содан кейін 14 жыл бойы маманнан Бас директордың орынбасарына дейін Қазақстандық стандарттау және сертификаттау институтында кәсіби өсудің барлық сатыларынан өтті.
«Атамекен» ҰКП-да жұмыс тәжірибесі бар, ҰАО тағайындалғанға дейін Мәскеу қаласындағы Еуразиялық экономикалық комиссияның Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі алқа мүшесі хатшылығының кеңесшісі болып жұмыс істеді.
Қ. Елікбаев Бас директордың жаңа орынбасарының алдына негізгі қызмет саласындағы ҰАО міндеттерді қойып, бағалаушылардың кадрлық әлеуетін дамыту, сыбайлас жемқорлық көріністерін жою, жұмыстағы жосықсыздыққа назар аударды.
Жаңадан тағайындалған басшы өзінің барлық білімі мен тәжірибесін аккредиттеудің үздік тәжірибелерін ілгерілетуге, алдына қойылған міндеттерді орындауға бағыттайтынына сендірді.