Әдіснама және нормалау бөлімінің бас маманы Дастан Молдыбаев жеңімпаз атанды.
Кадрлық ресурстарды дамыту мақсатында ҰАО қызметкерлері оқыту, тағылымдамадан өту, МС сәйкестігін растау жөніндегі органдардың бағалауларына қатысу арқылы өз құзыреттерін жүйелі түрде жетілдіреді.
Тағылымдамадан сәтті өту нәтижесінде сарапшы-аудиторлыққа үміткерлер біліктілігін арттыру бойынша материалдар дайындап, тиісті комиссияға ұсынады. Комиссия өз кезегінде бұл материалдарды қарап, сұхбат жүргізеді. Дастан Молдыбаев та комиссияның мақұлдауын алды.
Дастан аккредиттеу жүйесінде 2020 жылдан бері жұмыс істейді. Халал, органикалық және Global G. A. P сияқты бағыттарды қоса алғанда, ауыл шаруашылығы және тамақ өнеркәсібі өнімдерін өндірумен байланысты аккредиттеудің жаңа бағыттарын дамытуға маманданған.
Маман ретінде Дастан өзінің сарапшылық көзқарасымен, аналитикалық ойлауымен, түрлі саладағы терең білімімен, кеңсе тапсырмаларын да, орнында бағалауды да бірдей сауатты орындауымен, өз көзқарасын дәлелдермен қорғай білуімен ерекшеленеді. Сондықтан, Дастанның, сондай-ақ кәсіби даярлығын арттыруға ұмтылатын әрбір ҰАО қызметкерінің құзыретінің жаңа деңгейі – жалпы біздің ұйым үшін үлкен плюс.