Ағымдағы жылдың мамыр айынан бастап ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің «Цифрлық үкіметті қолдау орталығы» РМК тікелей қатысуымен аккредиттеу, сертификаттау және стандарттау саласының Бизнес-процестерінің реинжинирингі жобасы басталды.
Бизнес-процестерді реинжирингтеу мақсаты қолданыстағы процестерді қайта қарау және қайта құру арқылы қызметтің тиімділігі мен сапасын арттыру, үлкен өнімділікке қол жеткізу үшін бизнес-процестерді оңтайландыру арқылы жалпы тиімділікті жақсарту болып табылады.
Реинжиниринг тапсырмаларды орындау уақытын қысқартуға, жұмыстың неғұрлым тиімді әдістерін әзірлеу, процестерді стандарттау және үздік тәжірибелерді енгізу есебінен көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
Жоба шеңберінде болашақта ресурстарды тиімді пайдалануға, процестердегі артық қадамдарды жоюға мүмкіндік беретін міндеттерді цифрландыру мен автоматтандыруды қолдану көзделеді.
Жасанды интеллект, машиналық оқыту, деректерді орталықтандыру, қайталанатын процестерді роботтандыру сияқты заманауи әдістерді қолдану арқылы цифрландыру мерзімдерді 1-3 айға қысқартуға, қызмет көрсету деңгейін арттыруға, өтінім беру және ақпарат беру процесін жеңілдетуге әкеледі.
Бүгінгі күнге ағымдағы модельде (as-IS) аккредиттеу бойынша барлық процестер қалыптасып, нысаналы модельдерді құрастыру бойынша жұмыс басталды. Аталған жұмыстарға Техникалық реттеу және метрология комитеті, «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК, «Қазақстандық стандарттау және метрология институты» РМК және «Цифрлық үкіметті қолдау орталығы» РМК қызметкерлерінен тұратын жұмыс тобы тұрақты негізде тікелей қатысады.