Органикалық өнімдерді қарапайым өнімдерден ажырату мүмкін емес, тұтынушылар тәуелсіз сертификаттауға, яғни мемлекеттік немесе жеке сертификаттау органдарына негізделген органикалық өнімдердің тиісті стандарттарға сәйкес өндіріліп, өңделетініне кепілдік беретін рәсімге толықтай сенуге мәжбүр. Органикалық өндіріс стандарттары ұзақ уақыт бойы өнімдегі "органикалық" таңбалауының мәні бойынша консенсусқа ие және осы ақпаратты тұтынушыға беруге қызмет етуде.
Сертификаттау тұтынушының органикалық өндіріс жүйесіне және оның өнімдеріне деген сеніміне ие болуға ғана емес, сонымен қатар оның нарыққа қол жетімділігін жеңілдете отырып, органикалық ауылшаруашылығының өзіндік ерекшеліктерін көрсетеді. Осылайша, "экологиялық қауіпсіз", "экологиялық таза", "еркін жүру" деген белгілері бар тауарлардан айырмашылығы, органикалық шығу тегі туралы жазба өнімді өндіру мен дайындаудың нақты әдістеріне сәйкес келетіндігін білдіреді.
"Органикалық" таңбалауды пайдалану үшін фермерлер өз өнімдерінің шаруашылық жүргізу әдістерінің тәуелсіз сараптамасына негізделген қажетті стандарттарға сәйкестігі туралы сертификат алулары қажет. Органикалық стандарттарға тек табиғи ауылшаруашылық стимуляторларын қолдану, табиғи ресурстарды сақтау, биоәртүрлілікті сақтау және экожүйені сақтау кіреді.
Жапсырмадағы "органикалық" деген жазу өнімнің белгілі бір органикалық стандарттарға сәйкес сертификатталғанын білдіреді. Заттаңбада сертификаттауды жүргізген ұйымның атауы және ол негізге алған стандарттар көрсетіледі. Тұтынушыны ақпараттандыру үшін мұндай заттаңба нұсқаулық ретінде де қызмет етеді.
Әртүрлі органикалық стандарттарға сәйкес сертификаттауды жүзеге асыратын ұйымдарды әртүрлі аккредиттеу органдары ресми түрде тануы мүмкін.
Белгілі-бір сертификаттау ұйымы берген заттаңба сатып алушыға өнімді өндіруге және өңдеуге қолданылатын стандарттардың қандай түрлері, сондай-ақ сертификат беретін ұйымның өзі қандай ресми мәртебеге ие екендігі туралы хабар береді. Бүкіл әлемде көптеген сертификаттау органдары бар, олардың көпшілігі дамыған елдерде құрылған жеке ұйымдар.
"Органикалық" стандарттарды қалыптастыру
Органикалық ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісінің және оның саудасының өсуі органикалық ауыл шаруашылығына қойылатын ең төменгі талаптарды әзірлеуге және органикалық таңбалауға деген сенімді арттыратын сертификаттаудың ұйымдық негізін құруға бағытталған ұлттық заң шығарудың жандануымен қатар жүрді. Билік органдарының қатысуы мемлекеттік тексеру немесе жеке сертификаттау органдарын аккредиттеу түрінде жүзеге асырылуы мүмкін. Заңнама сонымен қатар өндірушілер арасындағы адал бәсекелестікті қамтамасыз етеді және халықаралық сауда мүдделері үшін елдер арасындағы ережелердің баламалылығына қол жеткізуді жеңілдетеді.
Сонымен қатар, органикалық ауылшаруашылығының денсаулық сақтау және қоршаған ортаны қорғау салаларына қосқан үлесін, сондай-ақ онымен байланысты сауда мүмкіндіктерін ескере отырып, үкіметтер кейде ауылшаруашылық кәсіпорындарын салықтық жеңілдіктер, субсидиялар, ғылыми зерттеулер мен маркетингті қолдау арқылы органикалық өндіріс рельстеріне ауыстыруды ынталандыратын шешімдер қабылдайды. Ұлттық заңнама органикалық ауыл шаруашылығына жергілікті маңызы бар өнімдерді өндіруден оларды ұлттық және халықаралық нарықтарда сатуға көшу үшін дамуға мүмкіндік бере алады. Органикалық ауыл шаруашылығы саласындағы заңнама негізінен техникалық сипатқа ие.
Оның мақсаты тұтынушылар мен өндірушілерді органикалық таңбалауды заңсыз пайдаланудан қорғау болып табылады. "Органикалық" стандарттарды сенімді құқықтық қорғаусыз әзірлеу органикалық өнімдерді таңбалайтын жазбаларды жалған пайдалануға әкелуі мүмкін.
Халықаралық деңгейде ФАО (Food and Agriculture Organization, FAO, БҰҰ-ның Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы) және ДСҰ (World Trade Organization WTO, Дүниежүзілік сауда ұйымы) құрған "Алиментариус кодексі" комиссиясы (барлық тамақ өнімдеріне стандарттарды белгілейтін мемлекетаралық орган) өндірушілерге арналған нұсқаулық ретінде, сонымен қатар тұтынушыны алдау мен алаяқтықтан қорғау ретінде органикалық жолмен өндірілген азық-түлікті өндірудің, өңдеудің, таңбалаудың және маркетингтік жылжытудың халықаралық нұсқаулықтық қағидаттарын әзірледі. Бұл ұсыныстарды "Алиментариус кодексі" комиссиясының барлық мүшелері әзірледі және мақұлдады. Жеке сектор деңгейінде Алиментариус кодексімен әзірленген осындай нұсқаулықтың аналогы – органикалық ауыл шаруашылығын дамытудың халықаралық федерациясы (IFOAM) әзірлеген "Органикалық өнімдерді өндіру мен өңдеудің халықаралық стандарттары" құжаты болып табылады. Алиментариус кодексі және IFOAM әзірленген нұсқаулар өсімдіктерді, малды, араларды өсірудегі және олардың тіршілік ету өнімдерін өндірудегі өндірісті басқару қағидаттарын қамтиды (IFOAM сонымен қатар талшықтар, аквадақылдар және орманның ағаш емес өнімдері үшін ережелер әзірледі); сондай-ақ тамақ өнімдерінің айналымы, оларды сақтау, өңдеу, орау және тасымалдау ережелерін, соның ішінде органикалық тамақ өнімдерін өндіру және өңдеу кезінде қолдануға рұқсат етілген заттардың тізбесін әзірледі. Бұл нұсқаулар үнемі қайта қаралып отырады, негізінен рұқсат етілген заттарды таңдау өлшемшарттары және белгіленген нормалардың сақталуын бақылау және сертификаттау өлшемшарттары нақтыланады.
Қазақстан органикасының қалыптасуындағы IFOAM рөлі
IFOAM нұсқаулары – бұл мемлекеттік және жеке ұйымдарға өз стандарттарын орнатуға басшылық беруге арналған органикалық ауылшаруашылығына арналған стандарттардың минималды жиынтығы. Осы орайда оларды стандарттарға арналған стандарттар ретінде қарастыруға болады.
2017 жылы органикалық өнім өндірісін дамытуға жәрдемдесу мақсатында органикалық өнім бойынша төрт ұлттық стандарт қабылданды. Олар сондай-ақ IFOAM стандарттары негізінде жасалды және республикадағы осы саланың дамуына бастау берді.
Қазақстанда органикалық өндіріс бағыты жаңа емес, жаңадан құрылған органик-фермерлердің легін ерткен алғашқы фермердің бастапқы жолын қадағалау өте қиын. Бүгінгі таңда Қазақстанның органикалық өнімдердің әлемдік экспортындағы рөлі айтарлықтай байқалады. Қазақстаннан шығатын майлы өнімдер аса сұранысқа ие болып отыр.
IFOAM-ның елдің органикалық өндірісін дамытудағы рөлі өте зор. Жергілікті өндірушілер, бақылаушы және құзыретті органдар үшін шетелдік сарапшыларды тарта отырып, бірнеше оқыту семинарлары өткізілді. PGS (Participatory Guarantee Systems, Қатысу кепілдіктері жүйесі) бойынша семинар ең қызықты болды, оның негізінде органиканың өзін-өзі тану қағидаты жатыр, бұл шағын фермерлер арасында органикалық өндірістің дамуына бастама береді және жергілікті нарықты шынайы органикалық өнімдермен қанықтыруға мүмкіндік береді. Бұл одан әрі "Жентек қар" қағидаты бойынша органиканың ішкі нарығын өсіруге мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде қазақстандықтарға өз денсаулығына қамқорлық жасауға мүмкіндік береді. Себебі, Людвиг Фейербах айтып кеткендей: "Адам –не жесе, сол". Қазақстан аграрлық ел, және халық арасында ауыл өнімі – априори органикалық болып табылады деген тұрақты сенім қалыптасқан, ішінара иә солай. Ауылда алынған өнімдердің көптеген түрлері ірі "антибиотикалық" компаниялардың өнімдерінен айтарлықтай ерекшеленеді.
Осылайша, IFOAM Қазақстанда органиканы дамытуға құрал берді, енді бизнеске салдары туралы ойламай-ақ, сол пайданы алу немесе ұлттың денсаулығы мен болашақ ұрпаққа табиғатты сақтау туралы қамқорлық жасауды бастау және пайданың сол көлемін алу туралы ойланғаны және батыл шешім қабылдағаны дұрыс. Күрделі ештеңе жоқ болып көрінгенімен, бірақ әлі де қиындықтар бар. Осы себептен 2016 жылы 300 мың гектардан астам жерден органикалық заттарға бөлінген жерлер азая бастады. Төмендеудің себебі өте қарапайым, ірі фермерге көптеген талаптарды орындаудан пайда жоқ (оның бастысы – дақылдардың ауысуы, ол максималды пайда әкелетін дақылды өсіруге мүмкіндік бермейді), ал шағын кәсібі бар фермерге сертификаттау және тексеру шығындары тұрғысынан тиімді емес. Міне осы тұрғыда көмекке IFOAM мен PGS келеді, бұл құтқару жолы болып көрінеді, бірақ ішінара ғана. Себебі, сертификаттаудың бұл схемасы мемлекеттік бақылауға жатпайды, осылайша жосықсыз өндірушілердің пайда болуына әкелуі мүмкін.
Осы орайда шынайы экологиялық таза өнімді дамытуды қолдайтын органик-фермерлерге сену ғана қалады. Оларды басқаша атауға да келмейді, себебі органика бүгінгі таңда сәнді бағыт қана емес, сонымен қатар өмір философиясына айналды.
Қазақстандық органиканың қалыптасуындағы IFOAM рөлі Органикалық стандарттар бойынша сертификаттау дегеніміз не
4 апреля 2022 17:06
// Баспасөз-мәліметтері