ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитеті Ұлттық аккредиттеу орталығының Бас директоры Мақсұт Өмірханов "Авиакомпания Россия" АҚ (Санкт-Петербург қ. Ресей Федерациясы) калибрлеу зертханасының бас метрологы Игорь Дорофеевқа аккредиттеу аттестатын тапсырды.
Калибрлеу зертханасы ГОСТ ИСО/МЭК 17025-2009 «Сынақ және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» сәйкес аккредиттелді. Калибрлеу зертханасын тұрғылықты орнында тексеру 2018 жылғы ақпанның 19 мен 22 аралығында Санкт-Петербург қ. Ресей Федерациясының Пулково әуежайының аумағында жүргізілді.
Сонымен қатар, тексеру тобының басшысы болып ҚР ИДМ ТРМК Ұлттық аккредиттеу орталығының салыстырып тексеру және калибрлеу зертханаларын бағалау бөлімінің жетекші бағалаушысы, бас сарапшы Гүлімхан Кенжегалиева тағайындалды.
"Авиакомпания Россия" АҚ аттестатты тапсыру барысында калибрлеу зертханасының бас метрологы Игорь Дорофеев калибрлеу зертханасына аккредиттеуді сапалы және белгіленген мерзімде жүргізген Ұлттық аккредиттеу орталығының мамандарын жоғары бағалады.
2008 жылғы 27 тамызда Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 773 Қаулысымен белгіленген ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің Ұлттық аккредиттеу органына ағымдағы жылдың тамыз айында 10 жыл толмақ.
Сонымен қатар, республикада аккредиттеудің дамуындағы жаңа кезең болған 2008 жылғы шілдеде «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды.
ҚР ИДМ ТРМК Ұлттық аккредиттеу орталығы негізінде Қазақстан ILAC (Зертханаларды аккредиттеу жөніндегі халықаралық ұйым) халықаралық ұйымының толыққанды мүшесі және ILAC (MRA) сынақ пен калибрлеу зертханалары Келісімінің қол қоюшысы болды.
2012 жылы ҚР ИДМ «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС бірталай бағалаулардан кейін,өнім бойынша өңірлік ұйым- аккредиттеу жөніндегі Тынық мухиттық ынтымақтастық (PAC), PAC MLA көпжақты тану туралы Келісімінің толыққанды мүшесі және қол қоюшысы сондай-ақ, осы жылы өнім бойынша IAF (Аккредиттеу жөніндегі халықаралық форум) толыққанды мүшесі және IAF MLA көпжақты тану туралы Келісімінің қол қоюшысы болып танылды.
РАС өңірлік ұйымына мүше болу 2013 жылы IAF-қа толыққанды мүше ретінде және өнімді сертификаттауда IAF MLA көпжақты тану туралы Келісімінің қол қоюшысы болып танылды.
Ұлттық аккредиттеу орталығын тану жақын және алыс шетелдеріне қызмет көрсету географиясын кеңейтуге жол ашты. ҰАО аккредиттеу саласындағы қызметтерін Ресей, Грузия, Өзбекстан, Тәжікстан, Моңғолия және тағы басқада мемлекеттердің зертханалары қолданды.