АСТАНА, 2018 жылғы 25 шілде – ЭТАЛОН ОРТАЛЫҒЫ. Бүгін ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің Ұлттық аккредиттеу орталығы атынан Бас директор Мақсұт Өмірханов органикалық өнім өндіру сәйкестігін растау бөлігіне аккредиттеу аттестатын «НаЦЭкС» АҚ-ның президенті Еркін Дүйсембаевқа табыс етті.
Бұл ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің күш салуының арқасында мүмкін болып отыр, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігімен және өзге де мүдделі меммлекеттік органдармен ауқымды жұмыс жүргізілді.
Осы органның болуы отандық өндірушілерге сәйкестік сертификатын алуға қол жеткізеді және органикалық өнім ішкі және сыртқы нарықты дамытуға ықпал ететін болады.
«Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті мен Алматы қаласының Қазақ Ұлттық Аграрлық Университетінің мал шаруашылығы өнімін өндіру және қайта өңдеу технологиясы кафедрасы, егіншілік және өсімдік тану кафедрасы дайындаған мұғалімдер, доценттер қатарынан техникалық сарапшыларды тартып, өнімнің сәйкестігін растау жөніндегі Қазақстандағы бірінші және әзірге жалғыз орган.
Бүгінгі күні органикалық ауыл шаруашылығында бұл қазіргі әлемдік трендтің бірі. Қазақстанда органикалық өнімді дамытуды қалыптастыру белсенді жүргізілуде екендігін еске саламыз.