АДБ өкілдеріне ҚР-да парниктік газдар шығарындыларының сауда жүйесінің қызметі аясында консультациялық көмек көрсетілді.
Қазақстан 2016 жылы еліміз қол қойған және ратификациялаған Париж келісімін іске асыру шеңберінде ПГ шығарындыларымен сауда жасау тәжірибесін енгізген жалғыз ТМД елі. Париж келісімінің барлық қатысушылары парниктік газдар шығарындыларын азайту бойынша ерікті міндеттемелерді өзіне алады және Қазақстанның мақсаты 2030 жылға қарай ПГ шығарындыларын 1990 жылғы деңгейден 15% - ға қысқарту
Бұл мәселені шешудің бір жолы ПГ шығарындыларын сату жүйесі, оның мәні келесіде: елдегі шығарындыларға арналған лимиттелген жалпы көлем шеңберінде квоталау субъектісі уәкілетті органнан ПГ шығарындыларына квота алады және қажет болған жағдайда оны тауар биржасы арқылы немесе тікелей мәміле арқылы шығарындылардың қосымша көлемін квотадан аз эмиссияны жүзеге асырған басқа нарық субъектісінен сатып ала алады. Шығарындылар квотадан артық немесе сатып алынған қосымша көлемге дейін айыппұлмен жазаланады. Ақшаға қосымша квоталарды сатып алу қажеттілігі кәсіпорындарды атмосфераға ПГ шығарындыларына өте мұқият болуға ынталандырады.
Сауда және интеграция министрлігіне қарасты Ұлттық аккредиттеу орталығының еліміздегі ПГ шығарындыларын реттеу процесінде ПГ шығарындыларын валидациялау және верификациялау жөніндегі органдарды аккредиттеу міндеті бөлінген.
ҰАО Бас директорының орынбасары Ержан Қарасаев, сертификаттау органдарын аккредиттеу департаментінің басшысы Анар Есенжулова, осы департаменттің бас маманы Нұржан Мұхаметжанов кездесу барысында әріптестеріне ҰАО валидация және верификация жөніндегі органдарды ISO стандарттары бойынша аккредиттейтін тәуелсіз үшінші тараптың рөлін атқаратынын жеткізді.
Кездесуде 27 шілдедегі жағдай бойынша ҚР-да валидация және верификация жөніндегі 14 орган аккредиттелгені, оның есептері ҚР Экологиялық кодексінің 289-бабына сәйкес валидацияланатын және верификацияланатын экономиканың 6 секторы көміртекті квоталауға жататыны атап өтілді. Сондай-ақ, АДБ өкілдеріне уәкілетті органдар мен ҰАО арасында ПГ шығарындыларымен сауда саласындағы өкілеттіктерді бөлу туралы түсініктемелер берілді.