ҚР Сауда және интеграция министрлігі, "КазСтандарт" РМК және ҰАО өкілдерінің ҚХР делегациясымен "Бір белдеу, бір жол" жобасы шеңберінде сертификаттау мен аккредиттеуге қатысты бірлескен іс-қимыл мәселелері бойынша кездесуі өтті.
ҰКО Бас директорының орынбасары Сержан Қарасаев компания атынан қонақтарды қарсы алып, ұлттық аккредиттеу орталығының қызметі туралы айтып берді.
Қытайдың мемлекеттік аккредиттеу органы сияқты ҰАО халықаралық аккредиттеу ұйымдарына кіреді: АРАС, ILAC және IAF, екі компания да танылған халықаралық стандарттар бойынша қызмет етеді және екі ел арасындағы аттестатталған сертификаттардың еркін қозғалысына мүдделі.
Қытай сапа сертификаттау орталығы директорының орынбасары Ли Гочжэнь ұйымдастырушыларға кездесу үшін алғыс айтып, екі бағытта жұмыс істейтін, ҚХР ішінде 11 филиалы және елден тыс 40 ұйымы бар өзі басқаратын ұйымның қызметі туралы айтты.
Диалог барысында ынтымақтастықты дамыту саласында, оның ішінде аккредиттеу бағыты бойынша пікірлер мен жоспарлар алмасылды, консультациялар туралы уағдаластықтарға қол жеткізілді, тілектер айтылды, барлық қойылған мәселелер бойынша тиісті түсініктемелер берілді.