ҰАО-да аккредиттеу субъектілерімен, аккредиттеу субъектілері қауымдастықтарының және "Атамекен" ҰКП өкілдерімен "е-КТРМ" ақпараттық жүйесінің жұмысындағы проблемалық мәселелер бойынша қызметтік кездесуі өтті.
Кеңеске қатысушылары АЖ-дегі қызмет түрлері мен толтырылатын мәліметтер бойынша саралауға, аккредиттеу жөніндегі органдағы негізгі және қосымша салалар бойынша "е-КТРМ" АЖ-дегі мәліметтерді бөлуге, өнімнің сәйкестігін растау жөніндегі органдар үшін аккредиттеу саласындағы бірқатар бағандарды алып тастау туралы, аккредиттеу саласындағы сынақ зертханаларын, сынақ орталықтарын көрсету туралы, өнімдер мен қызметтердің сәйкестігін растау жөніндегі органдардың, сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы кодтарының атаусыз белгіленуі және т.б. мәселелер бойынша ескертулер мен ұсынастар жасады.
Кеңес нәтижелері бойынша аккредиттеу субъектілерінің, "Сәйкестікті бағалау жөніндегі органдардың қазақстандық қауымдастығы" ЗТБ және "Е-КТРМ" АЖ-дегі аккредиттеу процестері бөлігінде модификациялау бойынша жедел өзара іс-қимыл жасау үшін "ARTA Software" ЖШС әзірлеушілерінің қатысуымен жұмыс тобын құру туралы шешім қабылданды.