2023 жылғы 25 сәуірде ҰАО өкілдері ISO/IEC 17012 "Сәйкестікті бағалау. Менеджмент жүйелеріне аудит жүргізу кезінде қашықтықтан әдістерді қолдану жөніндегі нұсқаулық" және ISO/IEC 17043 "Сәйкестікті бағалау. Біліктілікті тексеруді жүргізуге қойылатын негізгі талаптар" халықаралық стандарттарына енгізілген өзгерістерді талқылау бойынша вебинарларға қатысты.
Вебинарлар жұмыс топтарының сарапшыларының, аккредиттеу, сертификаттау жөніндегі органдардың өкілдерінің және басқа да мүдделі тұлғалардың қатысуымен өтті.
61 (WG 61) жұмыс тобы ISO/IEC 17012 "Сәйкестікті бағалау. Менеджмент жүйелеріне аудит жүргізу кезінде қашықтықтан әдістерді қолдану жөніндегі нұсқаулық ". WG 61 тәлімгерлері болып Дандан Дженг (Dandan Zheng) және Брахим Хоула (Brahim Houla) тағайындалды.
ISO/IEC 17012 құжаты аудиттің жалпы принциптеріне негізделген және қашықтағы әдістерді қолдану бойынша ұсыныстарды қамтиды. Сарапшылар менеджмент жүйесіне аудит жүргізу кезінде қашықтағы әдістерді қолданудың маңыздылығы мен өзектілігі мәселесін талқылады.
57 жұмыс тобы (WG 57) ISO/IEC 17043 "Сәйкестікті бағалау. Біліктілікті тексеруге қойылатын негізгі талаптар" стандартын қайта қарау үшін құрылған. WG 57 тәлімгері Дорис Муени Менго (Doris Mueni Mengo) сарапшылармен бірге 2023 жылдың маусымында жариялануы жоспарланған ISO/IEC 17043 стандартының қайта қаралған нұсқасындағы техникалық өзгерістерді талқылады.