Ұлттық аккредиттеу орталығында Германияның ұлттық метрология институтының PTB өкілдерімен кездесу өтті.
РТВ міндеті - халықаралық стандарттарға сай Қазақстандағы, Қырғызстандағы, Тәжікстандағы, Түрікменстандағы және Өзбекстандағы сапа институттарын дамытуға және нығайтуға ат салысу.
Институт сапа инфрақұрылымының ұлттық жүйелерін үздік халықаралық тәжірибеге келтіру бойынша кеңес береді, Орталық Азия өңірінде РТВ 15 жылдан аса қызмет етеді.
ҰАО-да өткен диалог барысында Еуропа мен ТМД елдерінің халықаралық ынтымақтастығы жөніндегі жобаның үйлестірушісі Кристофер Колелл мен РТВ сарапшысы Клеменс Санетра метрологиялық тәжірибелер мен зертханааралық салыстырулардың халықаралық тәжірибесі, осы саладағы ILAC зертханаларын аккредиттеу жөніндегі халықаралық ұйымның талаптары туралы айтты.
ҰАО Бас директорының м.а. Нұрлан Шоқбарбаев қонақтарға кәсіби ұсыныстары үшін алғысын білдірді, ҰАО Қазақстандағы үздік зертханалық тәжірибелердің провайдері және жақтаушысы болып табылатынын, үздік халықаралық үлгілер негізінде зертханаларды аккредиттеу процесін үздіксіз жетілдіруге ұмтылатынын атап өтті.