2023 жылдың I тоқсанында Қазақстанда 1622 аккредиттелген субъектілер жұмыс істеді: сынақ, салыстырып тексеру және калибрлеу зертханалары, сәйкестікті растау бойынша органдар, медициналық зертханалар, верификациялық органдар және т.б. Осы кезеңдегі аккредиттеу субъектілерінің қызметіне жүргізілген мониторинг нәтижелері бойынша Ұлттық аккредиттеу орталығы сапаны бағалау бойынша растаушы құжаттарда сәйкессіздіктің айтарлықтай санын анықтады.
Осылайша, бірінші тоқсанда жүргізілген мониторинг пен тексерулердің қорытындысы бойынша 4 аккредиттеу аттестатының күші жойылып, тоқтатылды.
Есепті кезеңде 1338 сәйкестікті растау құжатының күші жойылды немесе қайта ресімделді, оның ішінде 313 ЕАЭО сертификаты, 544 ЕАЭО декларациясы, 481 ҚР сертификаты.
I тоқсанда сәйкестікті растау құжаттары бойынша бұзушылықтардың 231 жағдайы анықталды, оның ішінде 138 ЕАЭО сертификаты, 10 ҚР сертификаты, 72 ЕАЭО декларациясы, 8 сынақ хаттамасы, 3 тексеру сертификаты.