Бүгін ҚР Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Арман Шәкқалиев ҚР СИМ "Ұлттық аккредиттеу орталығы" РМК ұжымына жаңа Бас директор Талғат Амангелдіұлы Момышевті таныстырды.
Талғат Амангелдіұлы Момышев Көкшетау облысы Щучинск қаласында дүниеге келген.
1990 жылы Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтын инженер-құрылысшы мамандығы бойынша, 2001 жылы Алматы Экономика және статистика институтын бітірген.
1997-1998 жылдары Жамбыл Стандарттау, метрология және сертификаттау орталығының бөлім бастығы, директордың орынбасары;
2000-2003 жылдары – "Метрология" РМК Алматы филиалының директоры;
2003-2005 жылдары – "Қазсертико РМК директорының бірінші орынбасары, Астана қаласы бойынша "Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы" АҚ өндірістік басқармасының бастығы болып жұмыс істеді.
2005 жылдан 2010 жылға дейін – Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының орынбасары болып жұмыс істеді.
2010 – 2014 жылдары ҚР Мұнай және газ министрлігінің
Мұнай – газ кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы, кейін ҚР Энергетика министрлігінің Экологиялық реттеу, Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы болып жұмыс істеді.
2017-2018 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы;
2018-2019 жылдары – Жамбыл облысы әкімінің орынбасары, 2019-2021 жылдары – ҚР Энергетика министрлігінің Жауапты хатшысы; ҚР Энергетика министрлігі аппаратының басшысы, Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар Вице-министрі болып жұмыс істеді.