Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Қуаныш Елікбаев, ҰАО бас директорының орынбасары Әбсамат Әкімов және «ҚазСтандарт» бас директорының орынбасары Бауыржан Мұхамеджанов жұмыс сапарымен Павлодарға барды.
3 наурызда КТРМ басшысы және онымен бірге келген тұлғалар Павлодар облысы әкімінің орынбасары Серік Батырғожиновпен кездесу өткізіп, «Қазэнергокабель» АҚ және С.Торайғыров атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында барды, Павлодар облысының техникалық реттеу мәселелері жөніндегі өңірлік штабының отырысына қатысып, өңірлік БАҚ өкілдеріне сұхбат берді.
Павлодар облысы соңғы екі аптада КТРМ төрағасының Қостанай облысынан кейінгі еліміздің екінші өңірі болып табылады. Павлодарды Қазақстанның индустриялық астанасы деп жиі атайды. Өнеркәсіп өндірісі бойынша облыс экономикада жетекші орын алады, тау-кен өндіру, өңдеу өнеркәсібі, электр энергиясын, газ және суды өндіру және бөлу, ауыр машина жасау, тамақ өнеркәсібі – барлығы 1000-ға жуық өнеркәсіптік кәсіпорындар және 15 магистральдық кәсіпорындар бар.
Осыған орай, мұнда өндірілетін өнімдердің техникалық регламенттерге, халықаралық стандарттарға сәйкестігі, сынақ зертханаларының аккредиттелуі қауіпсіздік пен сапаның кепілі – әлемдік нарыққа «визаның» түрі болып табылады.
Павлодар облысының техникалық реттеу жөніндегі өңірлік штабының отырысында сөйлеген сөзінде ҰАО бас директорының орынбасары Әбсамат Әкімов жетекші елдердің экономикасының даму жолдары мен сәйкестік саласындағы қазіргі тенденцияларды ескере отырып, Ұлттық аккредиттеу орталығы аккредиттеудің жаңа бағыттарын дамытуда, мысалы киберқауіпсіздік, медициналық бұйымдардың сапа менеджменті жүйесін аккредиттеу, органикалық және халал өнімдерге сәйкестігін растау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент жүйелері және т.б., сертификат алу тәртібі мен аккредиттеу рәсімінің кезеңдері туралы тоқталды.
Түстен кейін сапарға қатысушылар университетте, ҚТРМ Павлодар облысы және облыстың басқа да нысандары бойынша департаментінде болды, Қуаныш Елікбаев азаматтарды жеке қабылдады.