Қатысушылар техникалық комитет құрамын жаңартуды, 2023 жылға арналған ТК жұмыс жоспары мен функцияларын және 2023 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енетін ҚР СТ ISO 14065-2022 жаңа нұсқасына көшу мәселесін талқылады.
Валидация және верификация органдарын аккредиттеу жөніндегі техникалық комитеттің төрағасы, ҰАО Бас директорының орынбасары Әбсамат Әкімов қатысушыларды құттықтап, күн тәртібіндегі мәселелерді талқылауға шақырды.
Қатысушылар - ҰАО сертификаттау органдарын аккредиттеу департаментінің және валидация және верификация жөніндегі ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктердің, заңды тұлғалардың, табиғат қорғау саласындағы үкіметтік емес ұйымдардың шамамен 10 өкілінің қызметкерлері – ҰАО қызметкерлерінің сөйлеген сөздерін тыңдап, техникалық комитеттің құрамына уәкілетті мемлекеттік органдардың басшылары мен мамандарын қоса отырып, оның құрамын кеңейту бойынша өз ескертулері мен ұсыныстарын енгізді, үздік әлемдік тәжірибелер негізінде Қазақстанда парниктік газдар шығарындыларын есептеу әдістемелерін ілгерілету жөнінде тілектерін білдірді, бір апта мерзімде ТК-ның бір жылға арналған өзекті жұмыс жоспарын қалыптастыру туралы шешім қабылдады.