Ұлттық аккредиттеу орталығы ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитеті алаңында сәйкестікті растау жөніндегі органдар мен сынақ зертханалары өкілдерінің қатысуымен аккредиттеу үрдістерін жетілдіру мәселелері бойынша семинар-кеңес ұйымдастырды.
ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасы Арман Шаққалиев ЕЭО аясында сәйкестікті бағалау құжаттарын бірлесіп тануда жалған сертификаттардың айналымы жиілеп кеткенін сөз етті.
«Толық циклсыз сертификаттар сай келмейтін өнімнің нарыққа өтуіне жол ашады. Осыған байланысты Комитет органдармен өзара әрекеттесіп, осы жағдаймен күресу шараларын қабылдайтындығын, қажет болса қылмыстық қудаланатын болады»,- деді ол.
Бүгінгі күні Техникалық реттеу және метрология комитетінде аккредиттеу саласындағы негізгі қызметтерді автоматтандыру бойынша бірқатар іс-шаралар іске асырылып жатыр. Ұлттық аккредиттеу орталығының онлайн режимде үрдістерді автоматтандыруды енгізуі аккредиттеу мерзімін қысқартуға және үрдістердің айқын болуын қамтамасыз етуге қол жеткізеді.
Электрондық тізілімді өзге де мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесімен біріктіру барысында жүйелі негізде камералды бақылау жүүргізу жоспарлануда мысалы қауіпті (сертификатталмаған) өнімнің сәйкестігін бағалау жөніндегі құжаттарының дұрыстығын тексеру және т.б.).
Жалпы сәйкестікті бағалау жөніндегі органдар мен сынақ зертханаларына комитетпен тікелей қарым-қатынас орнату қажеттігі айтылды, сәйкестікті бағалау жөніндегі ғылыми-техникалық комиссия құрылды, оның аясында сертификаттау, сәйкестігіне растау жүргізу рәсімдері бойынша өнімнің арнайы түрлеріне ұлттық стандарттар қабылдау мәселелері талқыланатын болады.
Комитет төрағасы, сондай-ақ сарапшы-аудиторларды аттестаттаудың ерікті саласын қайта реттеу, ал қызметкерлердің құзыреттілігін персоналдың сәйкестігін растау жөніндегі органдардың сертификаттары көмегімен растау қажеттігін атап өтті.
Жиналысқа қатысушылар комитетпен өзара қарым-қатынас орнату сәйкестікті бағалау нарығында тәртіп орнайтуға көмек болатынына сенім білдірді.