Аккредиттеу рәсімдерін өтініш беруші және аккредиттеу субъектісіне жеңілдету үшін, Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің 2008 жылғы 29 қазандағы № 430 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 14 қарашада № 5356 тіркелген) бекітілген аккредиттеу алдындағы, аккредиттеуден кейінгі шарттардың үлгілік нысандар шеңберінде және ISO/IEC 17011:2017 «Сәйкестікті бағалау. Сәйкестікті бағалау органдарын аккредиттеу органдарын аккредиттеуге қойылатын талаптар» талаптарының ескерілуімен БҰЙЫРАМЫН:
1.Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес аккредиттеу алдындағы және аккредиттеуден кейінгі уақыт кезеңдерінде сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу жұмыстарын орындау шарттың үлгілік нысаны бекітілсін.
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС Халықаралық ынтымақтастық және құқықтық қамтамасыз ету бөлімі осы бұйрықтың
1-тармағында бекітілген нысан бойынша шарттарды жасасады.
3.Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары С.Ш. Құрманғалиевке жүктелсін.
4.Осы бұйрық 2018 жылғы 1 қарашада күшіне енеді.