"Ұлттық аккредиттеу орталығы" РМК осымен 2023 жылғы 1 шілдеден бастап "қоршаған орта ақпаратын валидациялау және верификациялау жөніндегі органдарға қойылатын талаптардың жалпы қағидаттары"ҚР СТ ISO 14065-2022 қолданысқа енгізілетінін хабарлайды. Қазіргі уақытта бұл стандартты "Казстандарт" РМК-ға хабарласу арқылы сатып алуға болады.IAF 2019-19 қарарына сәйкес, аккредиттеу органы стандарт жарияланған күннен бастап 12 ай ішінде ISO 14065 стандартының жаңа нұсқасына көшуді бағалауды жүргізеді. ҚР СТ ISO 14065-2022 көшу саясатын бекітуге қатысты ақпарат қосымша жіберілетін болады.