"Ұлттық аккредиттеу орталығы" РМК осымен Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті Төрағасының 2023 жылғы 14 қарашадағы № 440-НҚ Бұйрығына сәйкес ҚР СТ ISO 27001-2023 "Ақпараттық қауіпсіздік, киберқауіпсіздік және жеке өмірді қорғау. Ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйелері. Талаптар" бекітілгенін және қолданысқа енгізілгенін хабарлайды.
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР СТ ISO 27001-2015 "Ақпараттық технология қауіпсіздікті қамтамасыз ету әдістері мен құралдары ақпараттық қауіпсіздік менеджмент жүйелері талаптар" қолданысы тоқтатылады.
Жоғарыда айтылғандарға байланысты, нормативтік құжаттың өзгеруіне байланысты менеджмент жүйелерінің құжаттарын өзектендіру және ауысуға, оның ішінде персоналды оқытудың дәлелдемелерін 2023 жылғы 20 желтоқсанға дейін өтінім беру қажеттілігі туралы хабарлаймыз.