Ұлттық аккредиттеу орталығы 2022 жылғы 7 маусымда гибридті форматта Дүниежүзілік аккредиттеу күніне орай «Аккредиттеу: Экономикалық өсу мен қоршаған ортаның тұрақтылығы» тақырыбына дөңгелек үстел өткізуді жоспарлайды.
Дөңгелек үстел жұмысына халықаралық ұйымдардың, мемлекеттік органдардың, бизнес-қоғамдастықтың, қоғамдық бірлестіктердің, аккредиттеу субъектілерінің өкілдері, сондай-ақ өзге де мүдделі тұлғалар қатысады.
Отырыс аясында экономикалық өсудің тұрақтылығын жүзеге асырудағы аккредиттеудің рөлі мен маңыздылығын, қоршаған ортаны қорғау, климаттың өзгеруі, CORSIA бағдарламасын (Халықаралық авиация үшін көміртегі шығарындыларын өтеу және азайту жүйесі) талқылау жоспарлануда
Дөңгелек үстел тақырыбының өзектілігін ескере отырып, Сіздерді қатысуға шақырамыз.
Өтетін орны мен уақыты: 2022 жылғы 7 маусым, сағат 10.00-ден 12.00-ге дейін, ZOOM платформасы, тіркеу сілтемесі:
https://us06web.zoom.us/meeting/register/tZUkdOGuqj0qGtazL6CBKRHb1qu1FZxIp4NF
Ұлттық аккредиттеу орталығы 2022 жылғы 7 маусымда бейнеконференция өткізеді
25 мая 2022