Осы арқылы 2021 жылғы 6 тамызда «Ұлттық аккредиттеу орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны, заңды тұлға ретінде тіркеу рәсімін аяқтап БСН 210840007782 берілгенін хабарлаймыз.
«ҰАО» РМК бас директорының міндеттерін орындау конкурстық рәсімдер аяқталғанға дейін Ержан Жарылғапұлы Қарасаевқа жүктелді.
Қазіргі уақытта ҚР «Техникалық реттеу туралы» Заңының 9-бабының 3-тармағына сәйкес аккредиттеу жөніндегі органның жұмысының бағаларын бәсекелестігін қорғау және дамыту жөніндегі агенттікпен келісу бойынша жұмыстар жүргізілуде, кейіннен оларды Қазақстан Республикасының сауда және интеграция министрлігі бекітетін болады.
Мемлекеттік монополия қызметтерінің тарифтерін келісу рәсімдерінің ұзақтығына байланысты және аккредиттеу субъектілерінің (өтініш берушілердің) үздіксіз қызметін қамтамасыз ету мақсатында және Кәсіпкерлік Кодекстің 193-бабы 7-тармағының 2-тармақшасын басшылыққа ала отырып, бүгінгі күні Техникалық реттеу және метрология комитеті Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен ҚР «Техникалық реттеу туралы» Заңының 9-бабы күшіне енгеннен кейін алты ай ішінде "НЦА"ЖШС-ның аккредиттеу жөніндегі жұмыстарын жүзеге асыруы келісілді.
Жоғарыда баяндалғанға байланысты "НЦА" ЖШС ағымдағы жылдың соңына дейін "Е-аккредиттеу" АЖ арқылы аккредиттеу бойынша жұмыстарды жүзеге асыратынын хабарлаймыз.
Қалыптасқан жағдайды түсінуге және жемісті ынтымақтастыққа үміттенеміз!