Қазақстан Республиқасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 19 және 22 баптарына сәйкес 2023 жылғы 01 қыркүйектегі № 246 материалдарын қарастыру бойынша Комиссиясының хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. ҚР СТ ІЅО 15189-2015 «Медициналық зертханалар. Сапа мен құзыреттілікке қойылатын талаптар» талаптарына сәйкес келесі ұйымдардың медициналық зертханалары аккредиттелсін:
1) Талдықорған қ. «МЕД Лаборатория» ЖШС-ң медициналық зертханасы;
2) Астана қ. «QazGene» ЖШС-ң ПЦР- зертханасы;
2. ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес Алматы қ. «Ренессанс плюс» ЖШС-ң жылжымалы экологиялық зертханасы аккредиттелсін:
3. Аккредиттеу саласының кеңеюіне байланысты Ақтау қ. Маңғыстау облысы бойынша филиалы «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» ШЖҚ РМК-ң сынақ зертханасының аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін.
4. Аккредиттеу саласының қысқаруына байланысты Астана қ. «Тепло KZ» ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасының аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін.
5. Аккредиттеу субъектісінің орналасқан жерінің атауының өзгеруіне байланысты Астана қ. «KAMKOR SERVICE» ЖШС-ң сынақ зертханасының аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін.
6. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК (бұдан әрі – «ҰАО» РМҚ) аккредиттеу жөніндегі жұмыстарды үйлестіру департаменті осы бұйрықтың 1, 2, 3 және 4 тармақтарында көрсетілген аккредиттеу субъектілермен аккредиттеуден кейінгі келісім-шарт жасасын.
7. Ұлттык аккредиттеу орталығы талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілер тізіліміне және интернет-ресурста тиісті ақпаратты енгізсін.
8. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» РМҚ-ның Бас директорының орынбасары Шокбарбаев Н.Т. жүктелсін.
9. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.