Қазақстан Республиқасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 19 және 22 баптарына сәйкес 2023 жылғы 05 қыркүйектегі № 249 материалдарын қарастыру бойынша Комиссиясының хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес келесі ұйымдардың сынақ орталықтары мен зертханалары аккредиттелсін:
1) Ақсай қ. «Конденсат» АҚ-ң техникалық-химиялық зертханасы;
2) Экибастуз қ. «Казахжол-2020» ЖШС-ң тексеру зертханасы;
2. Аккредиттеу саласының кеңеюіне байланысты Шымкент қ. оңтүстік Қазақстан филиалы «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ-ң сынақ зертханасының аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін.
3. Аккредиттеу субъектісінің орналасқан жерінің өзгеруіне байланысты келесі ұйымдардың аттестаты қайта ресімделсін:
1) Қарағанды қ. «BRR99» ЖШС-ң жылжымалы сынақ зертханасы;
2) Алматы қ. «STD products» ЖШС-ң сынақ зертханасы;
4. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК (бұдан әрі – «ҰАО» РМҚ) аккредиттеу жөніндегі жұмыстарды үйлестіру департаменті осы бұйрықтың 1, 2, 3 және 4 тармақтарында көрсетілген аккредиттеу субъектілермен аккредиттеуден кейінгі келісім-шарт жасасын.
5. Ұлттык аккредиттеу орталығы талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілер тізіліміне және интернет-ресурста тиісті ақпаратты енгізсін.
6. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» РМҚ-ның Бас директорының орынбасары Шокбарбаев Н.Т. жүктелсін.
7. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.