Қазақстан Республиқасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 19 және 22 баптарына сәйкес 2023 жылғы 07 қыркүйектегі № 250 материалдарын қарастыру бойынша Комиссиясының хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. ҚР СТ ISO/IEC 17029-2020 "Сәйкестікті бағалау. Валидация және верификация жөніндегі органдарға қойылатын жалпы қағидаттар мен талаптар», ҚР СТ ISO 14065-2016. «Парниктік газдар. Аккредиттеу немесе танудың басқа да нысандары үшін қолданылатын парниктік газдарды валидациялау және верификациялау жөніндегі органдарға қойылатын талаптар» талаптарына сәйкес «ЭКОС» ЖШС-ң парниктік газдарды валидациялау және верификациялау жөніндегі органы Астана қ. аккредиттелсін.
2. ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес «АтырауСпецТрансСервис» ЖШС-ң сынақ зертханасы Атырау қ. аккредиттелсін.
3. ГОСТ ISO/IEC 17020-2013 «Сәйкестікті бағалау. Инспекция жүргізетін органдардың әртүрлі түрлерінің жұмысына қойылатын талаптар» талаптарына сәйкес оңтүстік Қазақстан филиалы «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ-ң инспекциялық органы Шымкент қ. аккредиттелсін.
4. Аккредиттеу саласының кеңеюіне байланысты Астана қ. «Казстройсистема» ЖШС-ң сынақ зертханасының аттестаты қайта ресімделсін.
5. Қызылорда филиалы «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ-ң сынақ зертханасының қысқаруына байланысты аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін, Қызылорда қ.
6. "Certification center" ЖШС-ң, менеджмент жүйелерінің сәйкестігін растау жөніндегі органның аккредиттеу субъектісінің орналасқан жерінің өзгеруіне байланысты аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін, Астана қ.
7. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК (бұдан әрі – «ҰАО» РМҚ) аккредиттеу жөніндегі жұмыстарды үйлестіру департаменті осы бұйрықтың 1, 2 және 3 тармағында көрсетілген аккредиттеу субъектілермен аккредиттеуден кейінгі келісім-шарт жасасын.
8. Ұлттык аккредиттеу орталығы талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілер тізіліміне және интернет-ресурста тиісті ақпаратты енгізсін.
9. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» РМҚ-ның Бас директорының орынбасары Шокбарбаев Н.Т. жүктелсін.
10. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.