Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26 бабының 4 тармағына сәйкес және аккредиттеу құжаттарын қарастыру бойынша Комисиясының 2023 жылғы қыркүйек айының 11 күнгі № 15-В хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. Алматы қ., Ақтөбе қ., Астана қ. «Қазақстан темір жолы «Ұлттық компаниясы» АҚ филиалының - теміржол көлігіндегі Магистральдық желі, центравтоматика, телемеханика және байланыс Ақмола бөлімшесінің салыстырып тексеру зертханасының 19.12.2019 жылы берілген
№ KZ.P.01.0432 аккредиттеу аттестатының қосымшасы болып табылатын Ақтөбе қаласы бойынша аккредиттеу саласының бөлігі қайта жаңғыртылсын.
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және интернет-ресурста тиісті ақпаратты енгізсін.
3. Аккредиттеу бойынша комиссия хатшысы қабылданған шешім туралы жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектісіне хабардар етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.