«Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы № 285 Жарлығына сәйкес, Қазақстан Республиқасы «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңның 22-бабына сәйкесжәне 2020 жылғы 28 қыркүйектегі аккредиттеу материалдарын қарастыру бойынша Комиссиясының № 84 хаттамасы негізінде,БҰЙЫРАМЫН:
1. Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу аттестаты қайта рәсімделсін:
1.1 ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес стандартының жаңа нұсқасына көшуіне байланысты:
Павлодар қ., «Павлодар - Инвест KZ» ЖШС-ң сынақ зертханасы;
Өскемен қ., Риддер қ., Алтай қ., «Казцинк» ЖШС-ң «Казцинк-Автоматика» өнеркәсіптік кешенінің калибрлеу зертханасы;
Қарағанды қ., «ARDCON (АРДКОН)» ЖШС-ң металдарды бақылау және балқытып біріктіру сынақ зертханасы және мобильдік сынақ зертханасы;
Қостанай қ., «Евраз Каспиан Сталь» ЖШС-ң сынақ зертханасы;
Қарағанды қ., «Қамқор Вагон» ЖШС-ң «Қарағанды вагон жөндеу депосы» филиалының бұзбайтын бақылау цехінің сынақ зертханасы;
Орал қ., «ENBEK GROUP KAZAKHSTAN» ЖШС-ң сынақ зертханасы;
Ақтөбе қ., «Ақбұлақ» АҚ-ң кәріз тазартқыш ғимараттарының ағынды су сапасын бақылау сынақ зертханасы;
Қарағанды қ., «АгроЭксперт» ЖШС-ң сынақ зертханасы;
Қарағанды қ., «TechService 2006» ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасы;
Өскемен қ., Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті» ШЖҚ РМК-ң «Түсті, асыл, сирек және шашыранды металдар металлургиясы» сынақ зертханасы;
Тараз қ., «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты» ШЖК РМК-ң Жамбыл облыстық филиалының санитарлық-гигиеналық зерттеулер сынақ зертханасы;
Шымкент қ., Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитеті «Қазсушар» ШЖҚ РМК-ң «Су-метрология» филиалының сынақ зертханасы;
Тараз қ., «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша Экология департаменті» РММ-ң зертханалық-аналитикалық бақылау бөлімінің сынақ зертханасы.
2. «ҰАО» ЖШС-ң талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және «ҰАО» ЖШС-ң веб-сайтына тиісті ақпаратты енгізсін, құжаттар жиынтығымен аккредиттеу аттестатары осы бұйрықта көрсетілген аккредиттеу субъектілеріне берілсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» ЖШС-ң Бас директорының орынбасары Қ.Н. Тайжановқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.