Қазақстан Республиқасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 19 және 22 баптарына сәйкес және 2021 жылғы 20 желтоқсандағы аккредиттеу материалдарын қарастыру бойынша Комиссиясының № 33 хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес:
1.1 Келесі ұйымдардың сынақ орталықтары және зертханалары аккредиттелсін:
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының сынақ орталығы, Қызылорда қ.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының сынақ орталығы, Өскемен қ.;
«Asia Petro Service» (Азия Петро Сервис) ЖШС сынақ зертханасы, Ақтау қ.;
«EcoPartnership» ЖШС сынақ зертханасы, Алматы қ.;
1.2 «КАЗФОСФАТ» ЖШС калибрлеу зертханасы, Жамбыл облысы.
2. Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу аттестаты қайта рәсімделсін:
2.1 Аккредиттеу саласының кеңеюіне байланысты:
«Текс» ЖШС сынақ орталығы, Алматы қ.;
«Западно-Казахстанская машиностроительная компания» АҚ сынақ орталығы, Орал қ.;
«НПО Дефектоскопия» ЖШС металдарды бақылау және балқытып біріктіру сынақ зертханасы және мобильдік сынақ зертханасы, Қарағанды қ., Атырау облысы;
«Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ Астана филиалының салыстырып тексеру зертханасы, Нұр-Сұлтан қ.;
2.2 «АвтоПрофи» ЖШС салыстырып тексеру зертханасы, Шымкент қ. аккредиттеу саласының қысқаруына байланысты;
2.3 ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынау және салыстырып тексеру зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес стандартының жаңа нұсқасына көшуіне байланысты:
«Центр экспертизы и сертификации подъемно-транспортного оборудования» ЖШС сынақ зертханасы, Алматы қ.;
«Поверитель НК» ЖШС сынақ зертханасы және стационарлық-мобильдік зертханасы, Атырау қ.;
«ПромМетроСервис» ЖШС салыстырып тексеру зертханасы, Өскемен қ.;
«Караганда Энергоцентр» ЖШС салыстырып тексеру зертханасы, Қарағанды қ.;
«Өзенпромгеофизика» АҚ метрологиялық учаскесінің калибрлеу зертханасы, Жаңаөзен қ.;
2.4 Мекен-жайының атауы өзгеруіне байланысты:
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының сынақ орталығы және аудандық бөлімшелері (№ 1 Бәйтерек бөлімшесі, Бөрлі, Жаңақала, Тасқала)
«Сертификационный центр «Тарту-Стандарт» ЖШС сынақ орталығы, Қарағанды қ., Сарыағаш қ.;
«SAPA-A» фирмасы» ЖШС сынақ зертханасы, Нұр-Сұлтан қ., Павлодар қ.;
2.5 Мекен-жайының өзгеруіне байланысты:
«BeSafe» ЖШС мобильдік сынақ зертханасы, Актау қ.
3. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК (бұдан әрі – «ҰАО» ШЖҚ) құқықтық қамтамасыз ету басқармасы осы бұйрықтың 1 тармағында көрсетілген аккредиттеу субъектілермен аккредиттеуден кейінгі келісім-шарт жасасын.
4. «ҰАО» ШЖҚ талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және интернет-ресурста тиісті ақпаратты енгізсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
6. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.