Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26 бабының 2 тармағының 1 тармақшасына
сәйкес және 2023 жылғы 14 қыркүйектегі аккредиттеу материалдарын қарастыру бойынша Комиссиясының № 35-О хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. Алматы қ. «Т-Стандарт» ЖШС-ң сертификаттау сынақ орталығының 09.08.2019 жылы берілген № KZ.T.02.0519 аккредиттеу аттестатының қосымшасы болып табылатын «кабельдік өнім және қосқыштар» бойынша аккредиттеу саласының бөлігі уақытша жарамсыз деп танылсын.
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілер тізіліміне және интернет-ресурста тиісті ақпаратты енгізсін.
3. Аккредиттеу бойынша комиссия хатшысы қабылданған шешім туралы жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектісіне хабардар етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.