Қазақстан Республиқасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 19 және 22 баптарына сәйкес 2023 жылғы 14 қыркүйектегі № 251 материалдарын қарастыру бойынша Комиссиясының хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. ҚР СТ ISO 15189-2015. «Медициналық зертханалар. Сапа мен құзыреттілікке қойылатын талаптар» талаптарына сәйкес Алматы қ. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығы» ШЖҚ РМК диагностикалық зертханасы / медициналық зертханасы аккредиттелсін.
2. ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес келесі ұйымдардың сынақ орталықтары мен зертханалары аккредиттелсін:
1) Астана қ. «ExpertLaboratory» ЖШС-ң сынақ зертханасы;
2) Жезқазған қ. «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-ң кіріс бақылау учаскесінің сынақ зертханасы;
3) Орал қ. «Уральский трансформаторный завод» ЖШС-ң сынақ зертханасы;
4) Алматы қ. «QAZ EXPERT SM» ЖШС-ң калибрлеу зертханасы;
5) Алматы қ. «QAZ EXPERT SM» ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасы;
6) Алматы қ. НПП «КазЛабМетр» салыстырып тексеру зертханасы;
7) Павлодар қ. «Гринпром-ПВ» ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасы.
3. Аккредиттеу саласының кеңеюіне байланысты Астана қ. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдылық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» ШЖҚ РМК-ң сынақ зертханасының аккредиттеу аттестаты қайта рәсімделсін.
4. Аккредиттеу саласының қысқаруына байланысты келесі ұйымдардың аккредиттеу аттестаты қайта рәсімделсін:
1) Алматы қ. «ЭКОСЕРВИС-С» ЖШС-ң сынақ зертханасының;
2) Алматы қ. «Т-Стандарт» ЖШС-ң сынақ орталығын;
3) Семей қ. «АЛЬФА-ЛАБ» ЖШС-ң сынақ зертханасы;
5. Аккредиттеу субъектісінің орналасқан жерінің өзгеруіне байланысты Астана қ. «Каз Серт» ЖШС-ң менеджмент жүйелерінің сәйкестігін растау жөніндегі органға аккредиттеу аттестаты қайта рәсімделсін.
6. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК (бұдан әрі – «ҰАО» РМҚ) аккредиттеу жөніндегі жұмыстарды үйлестіру департаменті осы бұйрықтың 1 және 2 тармақтарында көрсетілген аккредиттеу субъектілермен аккредиттеуден кейінгі келісім-шарт жасасын.
7. Ұлттык аккредиттеу орталығы талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілер тізіліміне және интернет-ресурста тиісті ақпаратты енгізсін.
8. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» РМҚ-ның Бас директорының орынбасары Карасаев Е. Ж. жүктелсін.
9. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.