«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабының 2-1 тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Сарыағаш қ., «Сертификационный Центр «Сапа Стандарт KZ» ЖШС сынақ зертханасының 2019 жылғы 9 тамыздағы № KZ.T.16.2249 аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімі 2024 жылғы 9 тамыздан 2024 жылғы 9 қарашаға дейін ұзартылсын.
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК (одан әрі – «ҰАО» РМК) Мониторингілеу және талдау департаменті тиісті ақпаратты аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне, «ҰАО» РМК веб-сайтына енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектілерін хабардар етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» РМК-ның Бас директорының орынбасары Б. Еримбетовке жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және 2024 жылғы 9 тамыздан бастап туындайтын қатынастарға таралады.