«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабының 2-1 тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Келесі аккредиттеу субъектілеріне аккредиттеу аттестаттарының қолданылу мерзімі 2024 жылғы 27 тамыздан 2024 жылғы 27 қарашаға дейін ұзартылсын:
1) «Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Павлодар облысы бойынша экология департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің зертханалық-талдамалы бақылау бөлімінің сынақ зертханасының № KZ.T.14.0350 аккредиттеу аттестаты;
2) Астана қ., «Центр сертификации и экспертизы «ТЕСТ» ЖШС өнімдердің сәйкестігін растау жөніндегі органның № КZ.О.01.0984 аккредиттеу аттестаты;
3) Ақтау қ., «Мұнайтелеком» ЖШС салыстырып тексеру зертханасының KZ.P.13.0476 аккредиттеу аттестаты.
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК (одан әрі – «ҰАО» РМК) Мониторингілеу және талдау департаменті тиісті ақпаратты аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне, «ҰАО» РМК веб-сайтына енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектілерін хабардар етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» РМК-ның Бас директорының орынбасары Б. Еримбетовке жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.