«Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 37 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» шешіміне сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. «Cosmomed» ЖШС сәйкестігін растау жөніндегі органның 2015 жылдың 22 мамырдағы № КZ.О.02.0995 аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімі қосымша карантиндік шаралардың күшінде болу кезеңінде 2020 жылғы 14 қазаннан 2020 жылғы 11 қарашаға дейін ұзартылсын.
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС (одан әрі – ҰАО) мониторингілеу және талдау Департаменті сәйкес ақпаратты Мемлекеттік аккредиттелген субъектілер тізіліміне, ҰАО веб-сайтына енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектіні хабардар етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау бас директордың орынбасары Қ.Н. Тайжановқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және 2020 жылғы 14 қазаннан бастап туындайтын қатынастарға таралады.