Қазақстан Республикасы «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 19 және 22 баптарына сәйкес, «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК (бұдан әрі – «ҰАО» РМҚ) 2024 жылғы 28 тамыздағы № 219 және 2024 жылғы 28 тамыздағы № 219-1 материалдарын қарастыру бойынша Комиссиясының хаттамалары негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес келесі ұйымдардың сынақ орталықтары мен зертханалары аккредиттелсін:
1) Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы, Пресновка ауылы, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі санитариялық- эпидемиологиялық бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК филиалының Жамбыл аудандық бөлімшесінің сынақ зертханасы;
2) Тайынша қ.; «OrganicLAB» ЖШС-ң Тайынша филиалының сынақ зертханасы;
3) Астана қ., «Olymp Vet» ЖШС-ң сынақ зертханасы;
4) Астана қ., «Тау-Кен Алтын» ЖШС-ң сынақ зертханасы.
2. Аккредиттеу субъектісінің орналасқан жерінің өзгеруіне байланысты келесі ұйымдардың аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін:
1) Астана қ., «Менеджмент жүйелерін сертификаттаудың республикалық орталығы» ЖШС-ң менеджмент жүйелерінің сәйкестігін растау жөніндегі органның;
2) Астана қ., «SSDC» ЖШС-ң парниктік газдарды валидациялау және верификациялау жөніндегі органның;
3) Ақтөбе қ., «Компания «ECOS» ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасы.
3. «ҰАО» РМҚ Құқықтық жұмыс және халықаралық ынтымақтастық департаменті осы бұйрықтың 1 тармағында көрсетілген аккредиттеу субъектілермен аккредиттеуден кейінгі келісім-шарт жасасын.
4. «ҰАО» РМҚ Талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілер тізіліміне тиісті ақпаратты орналастырсын.
5. «ҰАО» РМҚ Цифрландыру департаменті осы бұйрықты интернет- ресурста орналастырсын.
6. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» РМҚ-ның Бас директорының орынбасары Н.Т. Шоқбарбаевқа жүктелсін.
7. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.