Қазақстан Республиқасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 19 және 22 баптарына сәйкес 2023 жылғы 21 қыркүйектегі № 259 материалдарын қарастыру бойынша Комиссиясының хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. ҚР СТ ISO 17065-2013 «Сәйкестікті бағалау. Өнімді, процестерді және қызметтерді сертификаттау жөніндегі органдарға қойылатын талаптар» талаптарына сәйкес Алматы қ. «KAZ-Certificate» ЖШС-ң өнімдерінің сәйкестігін растау жөніндегі органы аккредиттелсін.
2. ҚР СТ ISO/IEC 17021-1:2015 «Сәйкестікті бағалау. Менеджмент жүйелеріне аудит және сертификаттау жүргізетін органдарға қойылатын талаптар» және ҚР СТ ISO 50003-2022 «Энергетикалық менеджмент жүйелері. Энергетикалық менеджмент жүйелеріне аудит және сертификаттау жүргізетін органдарға қойылатын талаптар» талаптарына сәйкес Астана қ. «Менеджмент жүйелерін сертификаттаудың республикалық орталығы» ЖШС-ң менеджмент жүйелерінің сәйкестігін растау жөніндегі органы аккредиттелсін.
3. ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес келесі ұйымдардың сынақ орталықтары мен зертханалары аккредиттелсін:
1) Алматы қ. «Aidel Construction» ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасы;
2) Алматы қ. «Казахстанский Центр Строительной Оценки» ЖШС-ң сынақ зертханасы.
4. Аккредиттеу саласының кеңеюіне байланысты байланысты Алматы қ. «Service engineering group» ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасына аккредиттеу аттестаты қайта рәсімделсін.
5. Аккредиттеу саласының қысқаруына байланысты байланысты Астана қ. «Фирма Торговая палата» ЖШС-ң сынақ орталығына аккредиттеу аттестаты қайта рәсімделсін.
6. Аккредиттеу субъектісінің орналасқан жерінің өзгеруіне байланысты Астана қ. «Казлифтконсалтинг» ЖШС-ң сынақ зертханасына аккредиттеу аттестаты қайта рәсімделсін.
7. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК (бұдан әрі – «ҰАО» РМҚ) аккредиттеу жөніндегі жұмыстарды үйлестіру департаменті осы бұйрықтың 1, 2 және 3 тармақтарында көрсетілген аккредиттеу субъектілермен аккредиттеуден кейінгі келісім-шарт жасасын.
8. Ұлттык аккредиттеу орталығы талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілер тізіліміне және интернет-ресурста тиісті ақпаратты енгізсін.
9. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» РМҚ-ның Бас директорының орынбасары Карасаев Е. Ж. жүктелсін.
10. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.