«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 21-бабының 2-1 тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Келесі аккредиттеу субъектілеріне аккредиттеу аттестаттарының қолданылу мерзімі 2023 жылғы 28 қыркүйектен 2023 жылғы 28 желтоқсанға дейін ұзартылсын:
1) Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, «КДЛ ОЛИМП» ЖШС Жетісу филиалының «ОЛИМП» клиникалық-диагностикалық зертханасы / медициналық зертханасының № KZ.M.20.2137 аккредиттеу аттестаты;
2) Көкшетау қаласы, «Райхерт и К» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің салыстырып тексеру зертханасының № KZ.P.03.1441 аккредиттеу аттестаты;
3) Ақтау қаласы, «KazCert International» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің салыстырып тексеру зертханасының № KZ.P.13.1410 аккредиттеу аттестаты;
4) Қызылорда қаласы, «МЫРЗА-ХАН» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Қызылорда филиалының «ОЛИМП» клиникалық-диагностикалық зертханасы / медициналық зертханасының № KZ.M.12.2136 аккредиттеу аттестаты.
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК (одан әрі – «ҰАО» РМК) мониторингілеу және талдау Департаменті тиісті ақпаратты аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне, «ҰАО» РМК веб-сайтына енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектілерін хабардар етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» РМК-ның Бас директорының орынбасары Қарасаев Е.Ж. жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.