«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 2) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
1. Мониторинг және талдау департаменті аккредиттеу аттестаттарының қолданылуын тоқтата тұруға қатысты мәліметтерді аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне енгізсін:
1) 16.11.2023 жылғы № KZ.T.02.2104 «AutoStart» ЖШС сынақ зертханасының 2025 жылғы 04 қантарға дейін;
2) 05.06.2020 жылғы № KZ.О.02.0937 «Центр Стандартизации и Сертификации» ЖШС сәйкестігін растау жөніндегі органының 2025 жылғы 27 ақпанға дейін, аккредиттеу облысының бөлігінде қосымшаға сәйкес «Құбырлар және оларға қосылатын бөлшектер» бөлімінің 137-тармағынан 145-тармағына дейін.
2. Тиісті ақпаратты «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК-ң веб-сайтына орналастырсын.
3. Құқықтық жұмыс және халықаралық ынтымақтастық департаменті аккредиттеу субъектісіне аккредиттеу аттестатың қолданылуын тоқтата тұруға қатысты мәліметтерді аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне енгізу туралы хабарлама жіберілсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.