«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 2) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
1. Мониторинг және талдау департаменті «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ Талдықорған филиалының сынақ орталығының 04.11.2019 жылғы № KZ.T.04.0544 аккредиттеу аттестатынан айыру қатысты мәліметтерді аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне енгізсін.
2. Тиісті ақпаратты «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК-ң веб-сайтына орналастырсын.
3. Құқықтық жұмыс және халықаралық ынтымақтастық департаменті аккредиттеу субъектісіне аккредиттеу аттестатың айыру қатысты мәліметтерді аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне енгізу туралы хабарлама жіберілсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.