Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26 бабының 1 тармағының 3-1 тармақшасына сәйкес және 2024 жылғы 12 қыркүйектегі аккредиттеу материалдарын қарастыру бойынша Комиссиясының № 57-О хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. Астана қ., «ExpertLaboratory» ЖШС-ң сынақ зертханасының 15.09.2023 жылы берілген № KZ.T.01.2574 аккредиттеу аттестаты қайтарылып алынсын.
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне тиісті ақпаратты енгізсін.
3. Цифрландыру департаменті осы бұйрықты интернет-ресурста орналастырсын.
4. Аккредиттеу бойынша комиссия хатшысы қабылданған шешім туралы жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектісіне хабардар етсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
6. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.