Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26 бабына сәйкес және аккредиттеу құжаттарын қарастыру бойынша Комиссиясының 2024 жылғы қыркүйек айының 12 күнгі
№ 23-В хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Айтеке би кенті, «Қазалы вагон жөндеу депосы» филиалының «ҚамқорВагон» ЖШС-ң сынақ зертханасының 09.02.2022 жылы берілген № KZ.T.12.Е0822 аттестатын жаңғартудан бас тартылсын.
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне тиісті ақпаратты енгізсін.
3. Цифрландыру департаменті осы бұйрықты интернет-ресурста орналастырсын.
4. Аккредиттеу бойынша комиссия хатшысы қабылданған шешім туралы жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектісіне хабардар етсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
6. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.