«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 21-бабының 2-1 тармағына сәйкес, және аккредиттеуден кейінгі шарттың 8.2 тармағы негізінде, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қарағанды облысы, «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС Нұрқазған байыту фабрикасының химиялық зертханасының № KZ.T.10.1825 аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімі 2021 жылғы 30 желтоқсаннан бастап 2022 жылғы 30 наурызға дейін ұзартылсын.
2. Алматы қ., «Business Expert KZ» ЖШС менеджмент жүйелерінің сәйкестігін растау жөніндегі органның № KZ.Q.02.0293 аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімі 2021 жылғы 30 желтоқсаннан бастап 2022 жылғы 14 ақпанға дейін ұзартылсын.
3. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК (одан әрі – ҰАО) мониторингілеу және талдау Департаменті сәйкес ақпаратты Мемлекеттік аккредиттелген субъектілер тізіліміне, ҰАО веб-сайтына енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектілерін хабардар етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.