Қазақстан Республиқасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 19 және 22 баптарына сәйкес және
2021 жылғы 12 қарашадағы аккредиттеу материалдарын қарастыру бойынша Комиссиясының № 684 хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. ГОСТ ISO/IEC 17024-2014 «Сәйкестікті бағалау. Персоналды сертификаттауды жүзеге асыратын органдарға қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес келесі аккредиттеу субъектісі аккредиттелсін:
«Теңіз арыстаны» ЖШС персоналының сәйкестігін растау жөніндегі орган, Атырау қ.
2. ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес:
2.1 Келесі ұйымдардың сынақ зертханалары аккредиттелсін:
«М.НДТГруп» ЖШС бұзбай бақылау жылжымалы сынақ зертханасы, Атырау облысы, Жылыой ауданы, Қаратон;
«ГИГИЕНИСТ VII» ЖШС сынақ зертханасы, Ақтөбе қ.
3. Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу аттестаты қайта рәсімделсін:
3.1 Келесі аккредиттеу субъектінің аккредиттеу саласының қысқаруына байланысты:
Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының «Жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Маңғыстау облыстық орталығы» ШЖҚ МКК медициналық зертханасы, Ақтау қ.;
3.2 Келесі аккредиттеу субъектінің қайта ұйымдастырылуына байланысты:
«Қазақ ұлттық аграрлық университеті» КЕАҚ «Қазақстан-Жапон инновациялық орталығы» сынақ орталығы атауы «Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті» КЕАҚ «Қазақстан-Жапон инновациялық орталығы» сынақ орталығы атауына өзгеруіне байланысты, Алматы қ.
3.3 Келесі аккредиттеу субъектілерінің орналасқан жерінің өзгеруіне байланысты:
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК филиалының медициналық зертханасы, Ақтөбе қ.;
«Группа по стандартизации, сертификации и метрологии «ZHAMBYL STANDART» ЖШС сынақ зертханасы, Тараз қ.
4. «ҰАО» ЖШС-ң Құқықтық және әкімшілік жұмыс департаменті осы бұйрықтың жоғарыда айтылған 1 және 2 тармақтарда көрсетілген аккредиттеу субъектілермен аккредиттеуден кейінгі келісім-шарттар жасасын.
5. «ҰАО» ЖШС талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және «ҰАО» ЖШС веб-сайтына тиісті ақпаратты енгізсін.
6. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» ЖШС Бас директорының бірінші орынбасары Е.С. Мұхтарға жүктелсін.
7. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.