Қазақстан Республиқасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 19 және 22 баптарына сәйкес және
2021 жылғы 16 қарашадағы аккредиттеу материалдарын қарастыру бойынша Комиссиясының № 703 хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. ГОСТ ISO/IEC 17065-2013 «Сәйкестікті бағалау. Мәлімделген аккредиттеу саласына сәйкес өнімдерді, процестерді және қызметтерді сертификаттау жөніндегі органдарға қойылатын талаптар» талаптарына сәйкес келесі аккредиттеу субъектісі аккредиттелсін:
«КазЮжстройсертиф» ЖШС өнімдерінің сәйкестігін растау жөніндегі орган, Алматы қ.
2. ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес:
2.1 Келесі ұйымдардың сынақ зертханалары аккредиттелсін:
«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Жамбыл облысы бойынша филиалының Жер іздестіру, мониторинг және зертханалық зерттеулер басқармасының сынақ зертханасы, Тараз қ.
«Восток-ГИИЗ» фирмасы ЖШС сынақ зертханасы, Павлодар қ.
«Химфарм» АҚ сапаны бақылау бөлімінің сынақ зертханасы, Шымкент қ.
2.2 Келесі ұйымдардың салыстырып тексеру зертханалары аккредиттелсін:
«VERTEX METROLOGY» ЖШС салыстырып тексеру зертханасы, Тараз қ.;
«ККТС» ЖШС салыстырып тексеру зертханасы, Атырау облысы, Жылыой ауданы, Теңіз кенті;
«Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ «Семей» филиалы өлшеу құралдарын тексеру бөлімінің тексеру зертханасы, Семей қ.
2.3 Келесі ұйымның калибрлеу зертханасы:
«ККТС» ЖШС калибрлеу зертханасы, Атырау облысы, Жылыой ауданы, Теңіз кенті.
3. Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу аттестаты қайта рәсімделсін:
3.1 Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу саласының қысқаруына байланысты:
«Фирма Торговая палата» ЖШС өнімдері мен қызметтерінің сәйкестігін растау жөніндегі орган, Нұр-Сұлтан қ.;
«Қазхром» Трансұлттық компаниясы» АҚ филиалы - Ақтөбе ферроқорытпа зауытының химиялық сынақ зертханасы, Ақтөбе қ.
3.2 Келесі аккредиттеу субъектісінің ҚР СТ ISO/TS 22003-2017 «Тамақ өнімдері қауіпсіздігінің менеджмент жүйесі. Тамақ өнімдері қауіпсіздігінің менеджменті жүйелеріне аудит және сертификаттау жүргізетін органдарға қойылатын талаптар», ҚР СТ ISO 50003-2015 «Энергетикалық менеджмент жүйесі. Энергетикалық менеджмент жүйелерінің аудитін және сертификаттауын жүзеге асыратын органдарға қойылатын талаптар» талаптарына сәйкес қосымша бағалаудан өтуіне байланысты, сонымен бірге ҚР СТ ISO 22000-2019 «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздік менеджменті жүйелері. Тамақ өнімдерін жасау тізбегіне қатысатын ұйымдарға қойылатын талаптар», ҚР СТ ISO 50001-2019 «Энергетикалық менеджмент жүйелері. Талаптар және пайдалану бойынша нұсқаулық», ҚР СТ ISO / IEC TS 17021-10-2019 «Сәйкестікті бағалау. Менеджмент жүйелеріне аудит және сертификаттау жүргізетін органдарға қойылатын талаптар. 10 бөлім. Еңбек қауіпсіздігі және денсаулықты қорғау менеджменті жүйелеріне аудит және сертификаттау жүргізу үшін құзыреттілікке қойылатын талаптар» стандарттардың талаптарына сәйкес нұсқасына көшуіназарға алынсын:
«QAZAQ certification» ЖШС менеджмент жүйесінің сәйкестігін растау жөніндегі орган, Алматы қ.
3.3 Келесі аккредиттеу субъектілерінің ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынау және салыстырып тексеру зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес стандартының жаңа нұсқасына көшуіне байланысты:
«GIO TRADE» ЖШС сынақ орталығы, Қарағанды қ.;
«ЮжКазЭксперт» ЖШС сынақ зертханасы, Шымкент қ.;
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің «Мемлекеттік техникалық қызмет» ШЖҚ РМК ақпараттық-коммуникациялық технологиялар қауіпсіздігі зертханасы, Нұр-Сұлтан қ.;
«Промконтрольсервис» ЖШС сынақ зертханасы, Орал қ.;
«Замана Трейд» ЖШС салыстырып тексеру зертханасы, Алматы қ.;
«Қазақстан темір жолы «Ұлттық компаниясы» АҚ – «Магистральдық желінің Жамбыл бөлімшесі» филиалының салыстырып тексеру зертханасы, Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Сары Шаған станциясы.
3.4 Келесі аккредиттеу субъектінің қайта ұйымдастырылуына байланысты:
Жезқазған қаласындағы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Аэроғарыш комитетінің «Ғарыш-Экология» Ғылыми-зерттеу орталығы» ШЖҚ РМК өкілдігінің стационарлық және жылжымалы химия-экологиялық зертханалары атауы Жезқазған қаласындағы Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Аэроғарыш комитетінің «Инфракос» ШЖҚ РМК өкілдігінің стационарлық және жылжымалы химия-экологиялық зертханалары атауына өзгеруіне байланысты, Жезқазған қ.
3.5 Келесі аккредиттеу субъектілерінің мекенжайы атауының өзгеруіне байланысты:
«Қазгидромедь» ЖШС Инновациялық технологиялар ғылыми-зерттеу орталығының сынақ зертханасы, Қарағанды қ.
«Біріккен энергосервистік Компания» АҚ метрология басқармасының салыстырып тексеру зертханасы, Өскемен, Семей қ.
4. «ҰАО» ЖШС-ң Құқықтық және әкімшілік жұмыс департаменті осы бұйрықтың жоғарыда айтылған 1 және 2 тармақтарда көрсетілген аккредиттеу субъектілермен аккредиттеуден кейінгі келісім-шарттар жасасын.
5. «ҰАО» ЖШС талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және «ҰАО» ЖШС веб-сайтына тиісті ақпаратты енгізсін.
6. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» ЖШС Бас директорының бірінші орынбасары Е.С. Мұхтарға жүктелсін.
7. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.