Қазақстан Республиқасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 19 және 22 баптарына сәйкес және
2021 жылғы 18 қарашадағы аккредиттеу материалдарын қарастыру бойынша Комиссиясының № 724 хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. ҚР СТ ISO/IEC 17021-1-2015 «Сәйкестікті бағалау. Менеджмент жүйелеріне аудит және сертификаттау жүргізетін органдарға қойылатын талаптар» талаптарына сәйкес келесі аккредиттеу субъектісі аккредиттелсін:
«Business Certification Centre» ЖШС менеджмент жүйесінің сәйкестігін растау жөніндегі орган, Нұр-Сұлтан қ.
2. ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес:
2.1 Келесі ұйымдардың сынақ зертханалары аккредиттелсін:
«Audit Ecology» ЖШС жылжымалы / стационарлық сынақ зертханасы, Ақтөбе қ.;
«Вэст Куалити Контрол» ЖШС сынақ зертханасы, Ақтау қ.;
«ИМСТАЛЬКОН» АҚ орталық монтаждау-дәнекерлеу зертханасы, Алматы қ.
2.2 Келесі ұйымдардың салыстырып тексеру зертханалары аккредиттелсін:
«ҚТЖ - Жүк тасымалы» – «Семей БП бөлімшесі» ЖШС филиалының салыстырып тексеру зертханасы, Семей қ.
2.3 Келесі ұйымның калибрлеу зертханасы:
«СЖС Қазақстан ЛТД» шетелдік кәсіпорын ЖШС калибрлеу зертханасы, Шымкент қ.
3. Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу аттестаты қайта рәсімделсін:
3.1 Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу саласының кеңейтуіне байланысты:
«CAPITAL MANAGMENT» ЖШС менеджмент жүйесінің сәйкестігін растау жөніндегі орган, Нұр-Сұлтан қ.;
«Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС «Орталық зауыт зертханасы» сынақ орталығы, Атырау қ.;
«ЛУКОЙЛ Лубрикантс Орталық Азия» ЖШС сынақ зертханасы, Алматы облысы, Іле ауданы, Байсерке а.;
«MegaStandart Krg» ЖШС салыстырып тексеру зертханасы, Қарағанды қ.
3.2 Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу саласының қысқаруына байланысты:
«Batys-7» ЖШС сынақ зертханасы, Атырау қ.
«Шам-Шырақ» оқу-өндірістік орталығы» ЖШС сынақ зертханасы, Ақтау қ.
3.3 Келесі аккредиттеу субъектінің ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынау және салыстырып тексеру зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес стандартының жаңа нұсқасына көшуіне байланысты:
«Степногорск тау-кен химиялық комбинаты» ЖШС радиациялық және уытты қауіпсіздік қызметінің сынақ зертханасы, Ақмола облысы, Степногорск қ., Заводской к.
3.4 Келесі аккредиттеу субъектінің мекенжайы өзгеруіне байланысты:
«Орталық Азия экологиялық зерттеулер институты» ЖШС экологиялық мониторинг зертханасы, Алматы қ.
4. «ҰАО» ЖШС-ң Құқықтық және әкімшілік жұмыс департаменті осы бұйрықтың жоғарыда айтылған 1 және 2 тармақтарда көрсетілген аккредиттеу субъектілермен аккредиттеуден кейінгі келісім-шарттар жасасын.
5. «ҰАО» ЖШС талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және «ҰАО» ЖШС веб-сайтына тиісті ақпаратты енгізсін.
6. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» ЖШС Бас директорының бірінші орынбасары Е.С. Мұхтарға жүктелсін.
7. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.