«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 21-бабының 2-1 тармағының және 22.08.2019 жылы «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС аккредиттеу жөніндегі орган басшысымен бекітілген РИ 03-07.29 «МЖ. Аккредиттеу процесі. Аккредиттеу материалдарын қарастыру тәртібі, шешім қабылдау және аккредиттеу аттестатын беру» 8.1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу аттестаттарының қолданылу мерзімі 2021 жылғы 24 қарашадан бастап 2022 жылғы
24 ақпанға дейін ұзартылсын:
Алматы қаласы, «Научно-технический инженерный центр» ЖШС өнімдердің сәйкестігін растау жөніндегі органның № KZ.О.02.0960 аккредиттеу аттестаты;
Алматы қаласы, «Научно-технический инженерный центр» ЖШС сынақ зертханасының № KZ.T.02.1237 аккредиттеу аттестаты;
Алматы қаласы, «Орда Серт» ЖШС менеджмент жүйелерінің сәйкестігін растау жөніндегі органның № KZ.Q.02.0952 аккредиттеу аттестаты.
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС (одан әрі – ҰАО) мониторингілеу және талдау Департаменті сәйкес ақпаратты Мемлекеттік аккредиттелген субъектілер тізіліміне, ҰАО веб-сайтына енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектілерін хабардар етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Бірінші бас директордың орынбасары Е. Мұхтарға жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.